Елімізде зағип жандарға арналған қазақ тіліндегі кітап тапшы
Елімізде зағип жандарға арналған қазақ тіліндегі кітап тапшы.
Бүгінде республикадағы оннан астам кітапханаға 3 мыңға жуық тұрақты оқырман жазылған. Бірақ, олардың сұранысы толық қанағаттандырылмай отыр. Өйткені көзі көрмейтін азаматтарға арналған кітаптарды шығаратын баспалар саны саусақпен санарлық. Атап айтсақ, қазір тек 3 баспа жұмыс істеп тұр. Олар соңғы екі жылда оқырманға небары 100-ге жуық туынды ұсынған. Саладағы осы және басқа да мәселелерді талқылау мақсатында Алматыда жас кітапханашылардың слеті өтті. Жиында арнайы кітапханаларға қызметкерлерді тарту мәселесі де көтерілді
Гүлжанат Тастанбекова, слетке қатысушы:
Бізде қазақ тіліндегі материалдар аз.Қазақша материалдарды сұраныстан таппай жатамыз. Дегенмен, жылда өткізіліп жататын жас кітапханашылар слетінде немесе республикалық акциялардың нәтижесі бойынша сұраныстағы кітаптарды шама-шарқымыз келгенше басып шығарып жатырмыз. Болашақта бұл кемшіліктердің орны толады деп сенеміз.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16