Шығыны көп ұлттық компанияларды тексеру керек – депутат
Миллиардтаған қарызы бар, әрі сыбайлас-жемқорлық дауына ілінген ұлттық компанияларға тексеріс жүргізу керек. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мақсат Рахманқұлов Үкімет басшысына осы жөнінде сауал жолдады. Оның айтуынша, ұлттық компаниялардағы топ-менеджерлер жалақысы мен сыйақысы өте жоғары. Соған қарамастан компаниялар шығынға батып, қазынаға салмақ салып отыр. Сондықтан ұлттық компаниялар монополиядан арылып, тексерістен өтуі тиіс, дейді депутат.
Мақсат Раманқұлов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Көптеген ұлттық компания мен холдингтер, министрліктер мен әкімдіктерге қарасты серіктестіктер бір-бірінің жұмысын қайталайды немесе жекеменшік кәсіпорындар атқаратын қызметтерді орындайды. Квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарына толыққанды аудит жүргізу, топ-менеджерлерге төлем және сыйақы саясатын қайта қарау керек. Және Ұлттық компаниялардың барлық кірістері мен шығыстарын бюджеттің бір бөлігіне айналдыру және қоғам мен Парламенттің жария талқылауы арқылы өткізу қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
100-ге жуық тарихи нысан тазаланды
13.11.2026, 10:11
Жолдаудағы міндеттер: Тұрғындар не дейді?
13.11.2026, 10:09
«Есірткісіз болашақ» форумы өтті
13.11.2026, 10:06
Қоғамдық бақылау күшейеді
13.11.2026, 10:05
Украинаға қатысты жаңа келіссөз келесі аптада өтуі мүмкін
13.11.2026, 10:05
Вашингтондағы атыстан 1 адам қаза тапты
13.11.2026, 10:05
7 жылда 1200-ден астам медицина нысаны салынған
13.11.2026, 10:04
Емханалардағы өзекті мәселелер халықаралық конгресте талқыланды
13.11.2026, 10:02