Соңғы 3 тәулікте Өскемен қаласын көк түтін басып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 3 тәулікте Өскемен қаласын көк түтін басып тұр

20.09.2022

Соңғы үш тәулікте Өскемен қаласын көк түтін басып тұр. «Қазгидромет» шаһарда екінші дәрежелі қолайсыз метео жағдай қалыптасқанын хабарлады. 

Олжас Керейхан, тілші:

Көк түтін әлі сейліген жоқ. Тіпті бүгін қоюлана түсті. Өйткені соңғы үш тәулікте үп еткен жел жоқ. Сондықтан түтін ұшпай тұр. Экология департаменті ауада күкірт пен азот қышқылы, көміртек тотығы сияқты улы химиялық элементтерге толы зиынды заттар қалыпты мөлшерден есеге артып кеткенін хабарлады. Бұл мәліметті қазгидромет орталығы да растап отыр. Сондықтан желісіз күндері қадағалаушы органдар ірі өнідіріс басшыларына жүктемені азайту жөнінде ұсыныс береді. Ал кәсіпорындар ауаға қанша мөлшерде қалдық шығарып жатқанын бақылауға алады. Егер мөлшерден асып кетсе айыппұл салады.

Дәрігерлер ауаның ластануы денсаулыққа зиян екенін жоққа шығармайды. Қаланы көк түтін басып, жағымсыз иіс жайлағанда әсіресе аллергиясы бар адамдар үшін өте қиын. Мұрын бітіп, көз қызарып, құрғақ жөтел басталады. Бұл әсіресе жас балалар үшін өте қиын болып тұр. Мәселен өзімнің де кішкентай ұлым мен қызым екі күннен бері жөтеліп, тамақтары қызарып сабаққа бара алмай отыр. Дәрігерлер аллегргияға қарсы дәрі дәрмек беріп, сұйықты көп ішу жөнінде кеңес береді. Ал, қалада ауыр эко-ахуал қалыптасқан кездерде қазгидромет орталығы далада көп жүрмеу жөнінде хабарламалар таратады.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу