Мұражай – өскелең ұрпақ тәрбиесінің бастауы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұражай – өскелең ұрпақ тәрбиесінің бастауы

21.11.2014
Мұражай – өскелең ұрпақ тәрбиесінің бастауы

Алматы облысының Қарасай ауданында жуырда ашылған «Анаға құрмет» мұражайы өскелең ұрпақтың тарихын тереңінен танып, отанын шексіз сүюге үндейтін мәдени мекенге айналды.

Екі апта ішінде тарихи орталыққа 300-ге жуық жас пен жасамыс келген. Айтуларынша, сәулеті келіскен мұражай абыз аналар жүріп өткен сара жолдан сыр шертеді.

Алматы-Жандосов трассасының бойында орналасқан мұражайдың атауы ерекше. «Анаға құрмет» мәдени орталығына жақындаған да  расымен ана жылулығы сезіледі.

Отының өшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын тілеген аналардың өмірінен сыр шертетін мұражайды көруге   бүгін медреседен бір топ бала келді.

Олар ана мейірімінің құдіретін айқындайтын түрлі жанрдағы портреттер мен әйел затының қолынан шыққан тұрмысқа қажетті  бұйымдарды тамашалады. Қолдарына алғаш ұстаған заттары қасиетті бесік болды.

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу