Әлихан Смайылов: Субсидиялау және кредиттік ресурстардың қолжетімділігі артады
Мемлекет өнім өндірушілерді қолдауды кезең-кезеңімен күшейте түспек. Яғни субсидиялау және кредиттік ресурстардың қолжетімділігі артады. Бұл туралы Үкімет басшысы Қостанай облысындағы ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездескенде айтты. Жиында агроөнімдерді қайта өңдеу және экспорттау, жұмыс орындарын құру, субсидиялау секілді мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Әлихан Смайылов осы аймақтағы ірі сүт өңдеу кәсіпорынының жұмысымен танысты. Зауыт өнімнің 120-дан астам түрін шығарып, ішкі нарыққа және Ресей федерациясына экспорттайды.
Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:
Ауыл шаруашылығын қаржыландыру көлемі 2 есеге артты. Бұл агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік саланы нығайту тұрғысынан аса маңызды. Біз жұмсалған әрбір теңгенің өнімділігі мен тиімділігін арттыруға ниеттіміз.Жүйелі мәселелер апта сайын қаралады, бизнестің мәселелерін шешеміз. Ауыл шаруашылығы министрлігі қазір осы саладағы кәсіпкерлерге қойылатын барлық талаптарды қайта қарап жатыр, олардың 20% жуығы қысқартылатын болады. Тиісінше, бизнеске әкімшілік жүктеме жақын арада төмендейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16