Қазақстандағы жүргізіліп жатқан реформалар мен елімізге шетелдік тұлғалардың сапары әлем назарында.
Британияның «Гардиан» газеті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың келісімімен ел астанасының атын қайтару туралы ұсыныстың Конституциялық заң жобасына енгізілгеніне мақала арнаған. Сонымен қатар материал авторы Қазақстанды Орталық Азияның ең бай елі деп атап, оның халқы маусымда конституцияны өзгертуге дауыс бергенін хабарлады.
Ал «Ассоушиэйтид пресстің» мәліметінше, Қытай президенті пандемиядан кейінгі алғашқы шетелге сапарын Қазақстанға аялдаудан бастаған. Және де америкалық агенттік Си Цзиньпиннің еліміздің егемендігі мен территориялық тұтастығын және жүргізіліп жатқан реформаларды табанды түрде қолдайтынын да атап өткен.
Түріктің ТRT World телекомпаниясы Рим Папасының Украинаны қаруландыру моральдық тұрғыдан заңды деген мәлімдемесін таратты. Түркиялық тілшінің хабарлауынша, Франциск бұны Қазақстаннан Ватиканға қайтарда ұшақта айтқан.