Ақтөбеде ақыл-есінің дамуында тежеуі бар балаларға арналған орталықтан шу шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде ақыл-есінің дамуында тежеуі бар балаларға арналған орталықтан шу шықты

14.09.2022

Прокуратура мамандары мүгедек балалар мен «Үміт» сәбилер үйінің бір ғимаратта орналасқанын анықтаған. Олардың бір асханадан тамақтанып келгені белгілі болды.

Мекеменің арнайы спорт залы мен массаж жасайтын бөлмелері де жоқ. Басқа қажетті құрылғылар мен жиһаздарының жетіспейтіні анықталды. Прокурорлар қос мекемені/ бөлек ғимараттарға орналастыру жөнінде нұсқау берді. Еске салайық, бұған дейін дәл осы орталықта жұмыс істейтін екі санитар балаларға зәбір көрсеткені үшін шартты жазаға тартылған. Тағы бір қызметкердің осындай айыппен/ сот алдында жауап беріп жатқаны белгілі болып отыр.

Бекзат Өсербаев, Астана ауданы прокурорының орынбасары:

Балаларға тиісті дене шынықтыру, емдеу бағытындағы ешқандай жұмыстар жасалмаған. Балалардың «Үміт» орталығымен бір асханада тамақтануы заңға қайшы келеді, сол үшін тиісті акт енгіздік.

Хабарламаларға жазылу