Астана атауын қайтару: Қасым-Жомарт Тоқаев пікірі білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана атауын қайтару: Қасым-Жомарт Тоқаев пікірі білдірді

13.09.2022

Тұңғыш Президент атындағы нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс. Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Нұрсұлтан Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

«Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім. Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді. Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс» делінген.


Хабарламаларға жазылу