Алматыда жатақханаға орналаса алмай жүрген студенттер үшін арнайы штаб жұмыс істеп тұр
Бірінші курстың, сондай-ақ жалдауға пәтер таба алмай, қиын жағдайға тап болған студенттер штабқа хабарласа алады. Орталық жанынан құрылған жедел желіге соңғы үш тәулікте 90-ға жуық қоңырау түскен. Оларға уақытша тұрақтауға бірнеше тәулікке бөлме беріледі. Қазірдің өзінде 17 жас басқа жатақханаларға орналастырылған. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзінше келер жылдан бастап көпбалалы және әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға шәкіртақыға қосымша 50-60 мың теңге қаражат қарастырылады. Бұл қаржылай көмек студенттердің пәтер немесе жатақхана жалдап тұруына беріледі.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Алматыда 35 ЖОО орналасқан. 200 мыңға жуық студент оқып жатыр. Оның 70%-ы басқа өңірлерден келген балалар. Бір-екі күннің ішінде біздің штабымыз басқа ЖОО-ның жатақханаларымен немесе жекеменшік жатақханалармен келісіп, балаларды тұрақты орналастырамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында үстел теннисінен ашық республикалық турнир өтті
20.08.2026, 10:15
Қызылордада оқушылар шекара заставасымен танысты
20.08.2026, 10:13
Түркі әлемінің археологтары бірыңғай цифрлық база құрады
20.08.2026, 10:12
Бүгіннен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
20.08.2026, 10:09
ЖИ бағытында даярланатын мамандардың саны артады
20.08.2026, 10:07
Қытайда гуманоид роботтар жол полициясына жәрдемдесіп жүр
20.08.2026, 10:05
Мәскеуде жанармай саудасына шектеу қойылды
20.08.2026, 10:04
Құрама штаттардың мемлекеттік қарызы 40 трлн доллардан асты
20.08.2026, 10:03