Украина әскері бір күнде 20 шағын қала мен ауылды азат етті. Сонымен бірге елдің оңтүстігіндегі ХерсОн аймағында шамамен 500 шаршы шақырым аумақты бақылауға алған. Қазір қайтарылған жерде толық бақылау орнату жұмыстары жүріп жатыр. Мұны Украина Қарулы күштерінің Бас штабы мәлімдеді. Бұған дейін Ресей армиясы Харьков облысынан қашып бара жатып, электр станциясына соққы берген. Шабуылдан Харьков, Донецк, Суми, Запорожье облысында 9 миллион абонент жарықсыз қалған еді. Осы өңірдегі "Рейтер" агенттігінің мәліметінше, қазір электр қуаты қайта беріле бастады. Дегенмен сумен қамтамасыз ету жүйесі әлі жұмыс істеп тұрған жоқ. Ресейдің Қорғаныс министрлігі болса, Харьковте Украина күштеріне қарсы әуеден соққы беріп жатқанын мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы