Айтуларынша, жарамсыз тракторлар мен комбайндары 1-2 миллион теңге аралығында бағаланып, сертификат берілген.
Олар бұл қаржыны жаңа техника құнының бір бөлігін жабуға пайдалануы тиіс болған. Алайда жыл басында «Оператор РОП» компаниясы жабылды. Ақтөбе облысынан көне көлікті тапсырған 40 фермердің тек жетеуі ғана ақшасын алып үлгерген. Өзгелері бір жапырақ қағазды құшақтап әлі жүр. Бұл сертификаттың мерзімі екі айдан кейін бітеді. Сондықтан шаруалар мәселеміз тез арада шешілсе дейді.
Алмат Жетібаев, Темір ауданының тұрғыны:
Жеңілдігі бар сертификатты былтыр тапсырдым. Ол 5 қарашаға дейін жарамды. Енді 2 ай қалды. Екі ай ішінде біз не істей аламыз? Ол жарамсыз болып қалмай ма? Соны күтудеміз, алаңдаудамыз.
Кей шаруалар жаңа техника алу үшін тіпті, ескі де болса жүріп тұрған трактор, комбайндарын өткізіп жіберген. Олар өтемақыны даулап, құзырлы орындарға шағым түсіргенімен, нәтиже болмай тұр. Ал әкімдік өкілдері мәселені аймақтық деңгейде шешу мүмкін емес дейді.
Асылхан Әбтиев, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
«Оператор РОП» жұмыс істемейді, қазір тоқтап тұр. Сондықтан бұл жайында Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс берген едік. Яғни, сертификатттарын қайта жаңғарту немесе лизинговый компаниялар бар, «ҚазАгроФинанс» сол арқылы бастапқы жарна ретінде пайдалану жөнінде.