Осы апта Қазақстанның бірнеше аймағында дала өрті болды. Қостанай үшін алаң болған ойымыз шығысқа ойысты. Күнде «ана жақта тұтанды, мына жақта да өрт» деген жаңалықтар онсыз да күпті көңілді өрекпітті. Ел ішінде «бұл қасақана әрекет» деген пікір де айтыла бастады. Тіпті, желіде «Ескі Қазақстан, өзгерістерге өрт қойма!» деген мына сурет тарап кетті. Саяси ойыннан от шыға алады. Оған күмән жоқ. Бірақ отқа май құюдың да зардабын ұмытпаған жөн шығар?!
Қостанай облысындағы апаттың себебіне келсек. Қылмыстық іс қозғалған, бірақ, прокуратура тергеу құпиясына сәйкес әзірге ақпарат бере алмаймыз, - деді. Ал өртпен бетпе-бет күрескен төтенше жағдай министрлігінің өкілдері оттың бірнеше жерде қатар лапылдауының өзі оқиғаны тереңірек зерттеуді талап етеді, - деп отыр.