Ақтөбе облысы: Кен орнындағы ұңғымалар біртіндеп жойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысы: Кен орнындағы ұңғымалар біртіндеп жойылады

09.09.2022

Үкімет суды үнемдеп, саланы дамытуға бас қатырып жатса Ақтөбеде кеншілер оны ластап жатыр. Аймақтағы «Көкжиде» кен орнында екі жүзге жуық мұнай ұңғымасы жабылады. Бұл кезең-кезеңімен жүзеге асады. Себебі, қара алтын өндірумен айналысатын компаниялар сол аумақтан табылған мол су қорын ластап жатыр. Эколог мамандар осындай қорытындыға келді.

Жағдай 2015-інші жылға дейін тіпті күрделі болған. Соңғы екі-үш жылда су қорын ластау фактілері азайды. Бұл аумақта мұнай өндіруші 5 ірі компания жұмыс істейді. Олардың су сапасын тексеруге арналған ұңғымалары бар. Одан бөлек жергілікті әкімдік маусым сайын бақылау жасап отырады. Мамандардың зерттеуіне сенсек, батыс аймақты 30 жылға жуық таза ауыз сумен қамтамасыз етуге болады екен. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің өкілдері Ақтөбе қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар туралы айтты.

Зұлфұхар Жолдасов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:
Жылдың аяғына дейін тағы үш тексеріс жүргіземіз. Негізі мәліметтеріміз бар.Біз Энергетика министрлігіне мәлімет береміз, тоқтатуға ең қауіпті скважиналарды. Олар жылдың аяғына дейін шешім қабылдайды.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу