Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау әдісі қайта қаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау әдісі қайта қаралады

08.09.2022

Бұл туралы Сенатта Ауыл шруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев хабарлады.

Жоғары палатаға малды асылдандыруға қатысты заң жобасын әкелген министр салада түрлі түйткіл көп дейді. Соның негізгісі - кадр тапшылығы. Айтуынша бізде төрт түлікті геномдық жолмен асылдандыратын заманауи молекулярлық әдістерді меңгерген маман жетіспейді. Содан болар елдегі жасанды ұрықтандыру көрсеткіші көңіл көтшітпейді. Небары 15 пайыз. Ал көрші Өзбекстанда 40 пайыз, Ресейде 60 процент. Десе де мал басы өсіп жатыр. Қазақтың ақ бас сиыры тәуелсіздік алғалы 6-7 есе көбейген. Заң жобасындағы өзгерістер мен түзетулер қабылданса, саланың дамуына оң серпін береді дейді Қарашөкеев. Әрі Әулиекөлде және өзге өңірлерде болған өртке де тоқталды. Айтуынша тілсіз жау шаруашылықтарға айтарлықтай зиян келтірмеген.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Қазір нақтылау ақпаратын күтіп отырмыз. Негізі қазір алқаптарда өнімді жинау жүріп жатыр толықтай. Қазіргі таңда 60 пайыздайы жиналды. Ол 11 миллион тонна дәнді дақыл. Оның 9 миллионы бидай. 


Хабарламаларға жазылу