Қазақстанда 1,3 млн адам несие өтеу мерзімін 90 күннен өткізіп алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 1,3 млн адам несие өтеу мерзімін 90 күннен өткізіп алған

08.09.2022

Банкрот деп танылған жеке тұлғаның баспанасын тартып алса, оған әлеуметтік көмек көрсетілуі керек. Бұл туралы «Ақ жол» партиясының «Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» заң жобасын талқылау бойынша өткен дөңгелек үстелінде айтылды.

Бүгінде елде 1 миллион 300 мың адам несие өтеу мерзімін 90 күннен өткізіп алған. Құжат бойынша 1600 айлық есептік көрсеткіштен асатын берешегі бар азаматтар қаралады. Бұл ретте банкте, микроқаржы ұйымдарында, коллекторларда қарызы бар адамдар қаралады. Өтініш берушінің ресми кірісі жоқ, табысы жанұядағы адамдарың көнкөріс деңгейінен аспауы керек. Егер азаматтың жеке мүлкі болса, ол сатылып қарыздарын жабуға жұмасалды. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсіміне жылжымайтын мүлігі жоқтар да қатыса алады. Оларға қарызды бөліп бөлу қарастырылған. Айта кететін жайт, аталған жүйені қолданғандар 5 жылға дейін несие рәсімдей алмайды. Борышкерлер өтінішті сот емес электронды азаматтық портал арқылы жібере алады. Оны өкілетті органдар қарап, сосын шешім шығарады. Сондай-ақ бұған алимент, адамдардың өмірі мен денсаулыққа зиян келтіру бойынша қарыздары барлар қатыса алмайды. Заң жобасында әлі де кемшіліктер бар. «Ақжолдықтар» Қаржы министрлігіне бірнеше ұсынасын айтты. Жалпы, заң жобасы келесі жылдың бірініші қаңтарына дейін жасалып бітіп, Президентке қол қоюға жіберілуі керек.

Дания Еспаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі:

Егер тұрғын үй несиенің кепілі болып, мүліктік массаға жататын болса, «Ақ жол» борышкерге санитарлық нормалар шегінде тұрғын үй беруді ұсынады, бұл 18 шаршы метр. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Бұл жобаның негізі. Тағы бір ұсынысымыз банктер алдындағы міндеттемелер 12 ай ішінде орындалмаса, бірінші борышкер өтініш беруге құқылы. Біз мұнымен келіспейміз. Бұл кезеңді 6 айға дейін қысқартуға болады деп есептейміз.

Хабарламаларға жазылу