Қарағанды облысында жағдай тұрақталды. Өңірде 17 өрт ошағы тіркелгенін бұған дейін хабарлаған едік. Ең ірісі - Шет ауданының Шопа ауылы маңында 1000 гектардай алқап отқа оранса, тілсіз жау түс ауа толық сөндірілген. Дегенмен кезекші топтар әлі де бақылап жүр. Қызылтау елді мекені маңындағы өрт те басылған. Жалпы облыс аумағында 8 аумақ бақылауда. Елдімекендерге қауіп жоқ.
Қостанай облысында да, орман өрті ауыздықталып, қауіп сейілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша ашық жанып жатқан от жоқ. Бықсып, түтіндеп жатқандарын толық өшіру жүріп жатыр. Жағдай толық бақылауда. Төрт күнге созылған өрт кезінде бір адам қаза тауып, он адам күйік алған. 2 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды. Баспанасы өрттен аман қалғандар бүгін үйлеріне қайтты. Ал тұрағынан айрылғандарға мемлекет пен демеушілер үй салып береді.
Руслан Нұрланұлы