Басты Жаңалықтар Астанада HackAlem AI хакатоны өтті

Астанада HackAlem AI хакатоны өтті

Астанада әлемдегі ең ірі AI-хакатондардың бірі – HackAlem AI өтті. Қатысушылар небәрі бес сағат ішінде он түрлі бағыт бойынша AI-шешімдер әзірлеп шықты. Студенттер, жас мамандар мен IT-энтузиастар бизнес, мемлекет және экономиканың негізгі салаларындағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған жасанды интеллект жобаларын жасаумен айналысты. Үздік AI-шешімдердің авторлары 200 мың доллар көлеміндегі жүлде қорын өзара бөліседі. Оның 100 мың доллары технологиялық ресурстар түрінде берілсе, қалған 100 мың долларын Astana Hub ұсынады. Жеңімпаздарды ресми марапаттау рәсімі «AI & Digital Bridge 2026» халықаралық технологиялық форумы аясында өтеді.

Жаслан Мәдиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:

Мемлекет басшысы атап өткендей, жасанды жнтеллект – еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі. Қатысушылар еліміздің жетекші компаниялары ұсынған өндірістік мәселелерді шешумен айналысып, бизнес пен негізгі салаларға қажетті шешімдерді әзірледі. Басты мақсатымыз – Қазақстанда талант, технология және нақты сектордың сұранысы бір ортада ұштасатын экожүйе қалыптастыру.

Темірлан Досмұхамбетов, Аstana IT университетінің студенті:

Бұл хакатон өте маңызды деп санаймын. Себебі әлемдегі ең ірі хакатондардың бірі болайын деп тұр. Ол біз үшін өте маңызды кезең. Менің жоспарым бүгінгі жасап шығарған идеямды берілген қаражат арқылы ары қарай жақсарту. Сосын көпшілікке ұсыну.


Бөлісу