Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания премьер-министрін жаңа қызметімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания премьер-министрін жаңа қызметімен құттықтады

07.09.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады. Онда президент Қазақстан халқының және өзінің атынан Лиз Трассты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады.

Жеделхатта Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Қазақ-британ көпқырлы қарым-қатынасын одан әрі нығайту және өзекті жаһандық мәселелер бойынша ұстанымдарымызды үйлестіру үшін тығыз ынтымақтастыққа дайын екенімді жеткізгім келеді – деп жазылған.


Хабарламаларға жазылу