Күршім және Алтай ауданындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр
Елде өрт көбейіп кетті. Кешелі бері Шығыс Қазақстанның бірнеше ауданы мен Қарағандыда да өрт ошақтары тіркелген.
Ержан Жақып, тілші:
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Шығыс Қазақстанда өрт Күршім ауданындағы Марқакөл, Бобровск орман шаруашылықтары мен Тоқсайын ауылдық окургіне қарасты жерлерде тұтанған. Ағаштар, бұталар мен дала өртеніп жатыр. Шамамен 300 гектар жер жанған деген ақпарат бар. Өрт ошағына ең жақын орналасқан Тоқсайын елді мекені. Мамандар тұрғындарға тілсіз жаудан келер қауіп жоқ деп отыр. Қазір қызыл жалын тұтанған аумақта 270 адам мен 30 ға жуық техника тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Ал Алтай ауданында Зырян мен Быков орман шаруашылықтары төңірегінде өрт шыққан. Таулы аймақта 700 гектар жерді от шарпыған. 300-ден астам адам мен 30-ға тарта техника, МИ-8 тікұшағы өрт сөндіруге жұмылдырылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Шығыс Қазақстанда күннің күрт ысуына байланысты, 4-5 деңгейлі өрт қауіпі сақталып отыр.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22