Елде ресми дилерден көлік сатып алатындар азайып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде ресми дилерден көлік сатып алатындар азайып барады

06.09.2022

Елде ресми дилерден көлік сатып алатындар азайып барады. Автомобиль нарығын талдау және мониторинг жасау орталығының мәліметінше, биыл жаңа көліктер саудасы 7,7%-ға төмендеген. Нарыққа Ресей мен Украина арасындағы геосаяси жағдай кері әсер етті. Көлік құралдарының тасымалы тұралап қалды. Компаниялар тауар экспорттау үшін балама бағыт іздеп жатыр. Сарапшылар жыл соңына қарай логистика қайта қалпына келсе, нарықтағы сауда 10 пайызға артуы мүмкін деп болжады. Азаматтар биыл елде құрастырылған көліктің көбін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы арқылы сатып алды. Тағы бір дерек, ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мерзімі үш жылдан аспаған жаңа көліктер небәрі 7%-дан асады екен. 70 пайызы – пайдалану мерзімі он жылдан асқан автомобильдер.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу