Павлодар облысында екі ауылдың балалары сабақты мәдениет үйінде оқуға мәжбүр
Павлодар облысындағы 14 мектепте жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Ал екі ауылдың балалары сабақты мәдениет үйінде оқуға мәжбүр. Еске салайық, білім ошақтарын жөндеуге Республика бойынша ең көп қаржы биыл осы өңірге бөлінген. «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша 9 млрд 200 млн теңгеге 46 мектептің іші-сыртын түгелдей жаңарту жоспарланды. Оның 38-і ауыл, 8-і қала мектептері. Мердігерлерге оқу бағдарламасына бөгет қылмай күрделі жөндеуді сәуір айында бастауға жағдай жасалды. Бірақ 46 мектептің 22-і бойынша жөндеуге жауапты компаниялар өз міндеттеріне атүсті қараған. Соған қатысты сот процесі басталды.
Самал Айтқазина, облыстық білім беру басқармасының басшысы:
Бүгінгі таңда 10 нысан бойынша оның ішінде мердігерлерге талап-арыз берілді. Және қаралуда. 12 нысан бойынша мердігерлерге талап-арыз беруге материалдар дайындалуда. Успен ауданының, Ертіс ауданының бөлім басшыларына қатысты бүгінгі күні қызметтік зерттеулеріміз жүргізіліп жатыр. Осы кісілер жауапқа тартылатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23