Игі іске «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» қанатының мүшелері бастамашы болған. Өрттен зардап шеккен тұрғындарға негізінен азық-түлік пен жалпы құны 7 млн теңгенің жылы киімі жиналды. Бұдан бөлек, тазалық құралдары, төсек-орын және тұрмыстық техника бар. Дәл қазір негізгі сұранысқа ие құрылыс материалдары мен аяқ-киім де жиналған. Партия жанынан құрылған гуманитарлық көмек жинау пунктінен бүгін тағы бірнеше жүк көлігі Қостанай облысына аттанады.
Сәнира Жүсіпова, «Amanat» партиясы облыстық филиалы «жастар рухы» жастар қанатының төрайымы:
Еріктілер тобы жиналып жатыр. Біздің еріктілер жөндеу жұмыстарына барамыз деген сұраныстар жасап жатыр. Біз қол қусырып отыра алмаймыз. Халқымызда осындай жағдай болып жатқанда. Бәріміз аянбай өз көмегімізді көрсетуге дайынбыз.
Шығыстағы ел-жұрт та Қостанайдағы өрттен зардап шеккен ағайынға көмек көрсетуді бастап кетті. Арнайы штаб құрылып, тұрғындар қажетті заттарды әкеліп жатыр. Азық-түлік, гигеналық заттар және электр шәугімі мен қазан сияқты күнделікті тұрмысқа ең қажетті дүниелер. Гуманитарлық көмектен кәсіпкерлерден бастап қараапйым халыққа дейін қалыс қалып жатқан жоқ. Мәселен, Аманжолов атындағы педагогикалық университеті бірнеше тонна ұн-макарон әкелсе, Серікбаев атындағы техникалық оқу орнының ұжымы бір күндік жалақыларын аударды. Өрттен зардап шеккен ағайынға қажет заттар бір орынға топтастарылып арнайы көлікпен жіберілмек. Осы уақытқа дейін 10 тонна зат жіберілді. Тек гуманитарлық көмек емес, шығыстағы еріктілер Қостанайға барып қолма-қол көмек көрсетуге де дайын.