«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Әулиекөлге 2,5 млн теңгенің жүгін жөнелтті
Өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданына бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жөнелткен көмек жетті. Қиындықта қалғандарға көмек қолын созуды парыз санаған ұжым қызметкерлері шамамен 2 жарым млн теңгенің жүгін жөнелтті. Күнделікті тұрмысқа қажет бұйымдар мен азық түлікті өңірдегі корпорация өкілдері күтіп алып, арнайы дайындалған қоймаға түсірді. Енді осы жерден келген көмек өрттен зардап шеккендерге беріледі. Жергілікті жұрт бей-жай қалмай, қиындықта қол ұшын созған барша халыққа алғысын жеткізуде.
Айгүл Тәжкенова, Әулиекөл ауданының тұрғыны:
Күнде келіп жатыр көмек, елге рақмет. Тамақ жеткілікті. Толып тұр. Қоймаларға сыймай жатыр. Кеше Президент үйсіз қалғандарға үй саламыз деп айтты ғой. Сондықтан енді бізге құрлыс материалдары өте қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23