Қостанай облысындағы өрт аумағы 43 мың гектардан асты
Қостанай облысындағы өрттің беті қайта бастады. Қазір елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Төтенше жағдай болған жердегі өрт ошақтары сөндірілген. Қауіпті аймаққа жақын орналасқан ауылдарға арнай күзет қызметі ұйымдастырылған. Жағдайдың тұрақталуына түнде жауған жаңбыр әсерін тигізді. Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы ақпараты бойынша, өрт аумағы 43 мың гектардан асты. Орман шаруашылығының жалпы аумағы 107 гектардан асады. Өрт кезінде 91 үйге зақым келген. 11 адам зардап шекті. Олар жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат алған. Арасында күйік шалып, уланғандары да бар. Сондай-ақ 87 жастағы мүмкіндігі шектеулі қария көз жұмды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23