Тұрмыстық жанжалдарға қолданылатын шара күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрмыстық жанжалдарға қолданылатын шара күшейді

06.09.2022

«Отбасында ойран салатындарға жазаны күшейтетін кез келді». Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осылай деді. Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі көптен талқыланып келе жатыр. Жанжал кей жағдайда қайғылы аяқталып жатады. Салдарынан қаншама бейкүна бала жетімдіктің зардабын тартуда. Әлі күнге дейін осы мәселеге заңдық тұрғыдан баға беріліп, шара қолдану жағы ақсап тұрғаны рас. Құқық қорғау органдары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа баса назар аударып, жазаны күшейту керектігін де Президент қадап айтты.

Нұркен Аралбеков, Облыстық қоғамдық даму басқармасы «Отбасы және жастар ісі» бөлімінің басшысы:

Отбасында ойран салып, бала-шағасы мен жұбайын таяққа жығатындар біздің қоғамда әлі де көп. Үнемі кемсітушілікке ұшыраған бала ертең қоғамға да сыйыса алмайды. Сондықтан Президент полиция қызметкерлеріне олармен өте мұқият жұмыс жүргізіп, жазаны күшейтуге шақырды. Бұл ұсынысты тұтас қоғам қуана қолдайды деп ойлаймын.

Хабарламаларға жазылу