Ақмола облысының халқы қостанайлықтарға гуманитарлық көмектің алғашқы легін жіберді
Жарты тәулікте 15 тоннадай азық-түлік, киім-кешек пен жеке гигиеналық заттар жиналған. Олардың барлығы 5 көлікке тиеліп, кешкісін жол шыққан болатын. Түнде Әулиекөл ауданына жеткізілді. Облыс бойынша көмек жинау әлі де жалғасып жатыр.
Омар Шоназаров, облыстық мәслихат депутаты:
Жеке кәсіпкерлер, кәсіпорын басшылары белсенділік танытты. Тұрғындар да көмек көрсетіп жатыр. Біз қостанайлық әріптестерімізбен хабарласып, нақты қандай көмек, қандай заттар керек екенін сұрап біліп отырмыз. Көмек жинау кезінде сол қажеттіліктер ескеріледі.
Ермек Елберген, тілші:
Көкшетаудағы Достық үйінде де гуманитарлық көмек жинау орталығы ашылды. Қостанай облысымен шектесетін аудандарда ара қашықтық жақын болғандықтан белсенділік жоғары. Еске сала кетейік, Қостанай облысындағы тілсіз жаумен күреске Ақмола өңірінің өрт сөндірушілері де жұмылдырылған. 50 құтқарушы мен 8 техника сол аймақта жүр. Сондай-ақ Көкшетаудағы 55/10 әскери бөлімінің жеке құрамы көмекке аттанды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23