«Ақтөбе» - «Қызылжар» матчынан түсетін қаржы қостанайлықтарға жіберіледі
Ақтөбе халқы да қостанайлықтармен бірге. Облыста арнайы штаб құрылды. Барлық аудан мен облыс орталығында гуманитарлық көмек пункттері ашылды.
Ол жерлерге қарапайым тұрғындар азық-түліктер мен киім-кешек, дәрі-дәрмектер апарып жатыр. Алғашқы гуманитарлық автокеруен Қостанай облысына кеше кешкісін аттанып кетті.
Ермек Кенжеханов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:
Екі жүкі көлігін жібергелі тұрмыз. Бұл жүк көлігінде Қостанай облысының жас балаларына киім-кешек бар, тамақ, азық-түлік тауарлары бар. Толық екі жүк көлігін жібергелі тұрмыз. Ақтөбе облысында осындай жедел штаб барлық он екі ауданда құрылды және Ақтөбе қаласында жедел штаб жұмысын атқаратын болады.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Көрші облысқа көмек қолын созуға кәсіпкерлер де ынта білдіріп жатыр. Әсіресе, еріктілер ерекше белсенді. Олар халықтан жиналған бұйымдарды іріктеп, жүк көліктеріне тиеп береді. Сондай-ақ, облыс орталығындағы «Нұр ғасыр» мешіті де көмек жинауды бастады.
Көрші облыс тұрғындарын қолдауда «Ақтөбе» футбол клубы да шетте қалмады. «Қызылжар» командасымен өтетін ойынға сатылған билеттерден түсетін қаржы толығымен, қостанайлықтарға көмек ретінде беріледі.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23