Қарағанды облысынан Қостанайға 10 тоннадай жүк жөнелтіледі
Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге барлық өңірден гуманитарлық көмек жөнелтіліп жатыр. Қарағанды облысының аудан-қалаларында да арнайы пункттер ашылған.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Облыстағы барлық аудан, қалаларда гуманитарлық көмек жинау орындары ашылды. Оған «Amanat» партиясы мен волонтерлер мұрындық болып отыр. Қалталы азаматтар да қалыс қалмады. Жәрдем ретінде ұзақ сақталатын тамақ өнімдері, гигиена құралдары, жылы заттар, тұрмыстық техника мен құрылыс материалдары қабылданады.
Нұрсұлтан Шаменов, «Amanat» партиясы ҚОФ қоғамдық қабылдауының жетекшісі:
Бүгін кешке Қарағанды облысының атынан Қостанай облысына алғашқы гумманитарлық көмекті жолдау жоспарланып отыр. Барлық тұрғын жаппай көмектесіп жатыр, қаржылай көмектесе алмағандар көиегін жүктерді артуға, басқада көмектерін ұсынып жатыр.
Бүгін алғашқы 10 тоннадай жүк Қостанайға жөнелтіледі. Айта кету керек, азаматтар арнайы ашылған шотқа да ақшалай аударымдар жасап жатыр. Осындай гуманитарлық көмектер еліміздің барлық өңірлерінде жиналуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23