Қостанайға көмек: Сенаторлар бір күндік жалақысын аударады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайға көмек: Сенаторлар бір күндік жалақысын аударады

05.09.2022

Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуге бүкіл ел жұмыла кірісті. Елордадағы AMANAT партиясының мүшелері мен қала тұрғындары 300 тоннадан астам қажетті зат жинаған. Ақтөбе облысынан да гуманитарлық көмек жіберілді. Павлодарлықтар 7 млн теңге мен азық-түлік дайындап үлгерген. Beeline байланыс операторы зардап шеккен ауыл тұрғындарына бір ай тегін қызметін ұсынды. Сенаторлар бір күндік жалақысын аударады. Halyk Bank үйі өртеніп кеткен жандардың кредитін кешіріп, әр отбасына 1 млн теңгеден бермек.

Олардың несиесі мен барлық қарызын Jusan bank те өз есебінен төлеп бермек. «Қазақстан халқына» қоры апат салдары жойылып, залал көлемі анықталғаннан кейін жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып өңір тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсету тетігін пысықтайтынын жеткізді. Алаяқтық және жәбірленушілерге көмектесеміз деген желеумен ақша жинау фактілерінің алдын алу үшін Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге көмек көрсететін бірыңғай қоғамдық қор құрылды.

Хабарламаларға жазылу