«Астана-Опера» канадалықтарды тәнті етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана-Опера» канадалықтарды тәнті етті

01.11.2014
«Астана-Опера» канадалықтарды тәнті етті

Әуелі біздің өнерпаздар Нью-Йорктың қақ төрінде ән шырқап, жергілікті өнерсүйер қауымды тәнті еткені бар. Іле Канаданың Торонто шаһарына табан тіреді. Қазақтың алтын дауыс, күміс көмейлерін тыңдауға 2 мыңға жуық жұрт келіпті. Олардың қатарында Канаданың операны құрмет тұтатын талғампаз жұртшылығы, алпауыт бизнесмендер мен саяси элитаның өкілдері болды. Көрермен қауым концерт барысында қазақстандық әртістерден бірегей туындыларды қайталауларын сұрап, орындарынан тұрып қошемет көрсетті. 

Хабарламаларға жазылу