Жұпар Ғабдуллина: Джузеппе Вердидің «Аидасы» «Астана Операның» төрінде қойылмақшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұпар Ғабдуллина: Джузеппе Вердидің «Аидасы» «Астана Операның» төрінде қойылмақшы

14.10.2014
Жұпар Ғабдуллина: Джузеппе Вердидің «Аидасы» «Астана Операның» төрінде қойылмақшы

Жақында Италияның атақты «Ла  Скала» театрына барып, тәжірибе алмасып қайтқан «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі  Жұпар Ғабдуллина «Таңшолпанда» қонақта  болды.

«Ла Скала» театры – әлемдегі үздік театрлардың бірі. Маған осындай мүмкіндік туғанына өте қуаныштымын. Біз Дина Хамзина екеуміз  Джузеппе Вердидің «Аида» операсына байланысты барып келдік. Бұл туынды осы қараша айында «Астана Операның» төрінде қойылмақшы»,-дейді әнші.

«Шетелден келген қонақтардан үйренеріміз көп. Алайда, олар біздің мәдениетімізге, қазақтың қонақжайлылығына тәнті болып кетеді. Ұлттың бойындағы ақжарқын мінезі мен кішіпейілділікті жоғары қояды»,-дейді Жұпар Ғабдуллина.

Дауысты ояту, сақтау жөнінде кеңес алғыңыз келсе, сұхбаттың толық нұсқасын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу