Астана - болашақтың қаласы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана - болашақтың қаласы

30.06.2014
Астана - болашақтың қаласы

Арқаның кең жазиралы ашық даласына әлем көз тіккен әсем қала - Астана бой көтергелі өңір өзгеріп, өмір гүлденді бүгінде.

Елорданың өсіп-өркендеуі мен кеңге қанат жайып, құлашын сермеуі - күллі қазақтың мерейін үстем етті.

Астананың экономикалық-әлеуметтік бағыты бірізге түсіп, күн сайын қарқынды дамудың даңғыл жолына беттеді.

Бұған жыл сайын жергілікті бюджеттен бөлінетін қыруар қаражат та ел мен Үкіметтің үмітін ақтап отыр. Құрылыстың тамырына қан жүгіріп, бұрынғы қарабайыр үйлер қаладан қарасын үзді. Оның орнына төбесі көкпен таласқан тұрғын жайлар мен керемет кешендер көптеп бой көтеріп келеді.

«Дәл осы тындырымды тірлікке қарап, Астана  - арман қалаға айналғандығының белгісі», - дейді Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі.

Лэ Юйчэн, ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

Мен Астанаға 10 ай бұрын келдім. Қаланың көркі маған бірден ұнады. Осы 10 айдың ішінде мен Астананың керемет жерлерін аралап көрдім. Түрлі архитектуралық нысандарға қарап, тәнті болдым. Кешендердің стилдері де ерекше. Өмір сүруге қолайлы әрі ыңғайлы қала. Спорттық алаңдар мен нысандар да жетерлік. Спортшы ретінде мен демалыс күндерімді сондай орындарда өткіземін. Оған қоса, «Астана Опера» опера және балет театрына барып, қойылымдарды тамашайлмын. Қала күні қарсаңында тұрғындарды мерекесімен құттықтаймын!

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу