«Астана Опера» театрының Италиядағы гастрольдік сапары жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» театрының Италиядағы гастрольдік сапары жалғасуда

24.01.2015
«Астана Опера» театрының Италиядағы гастрольдік сапары жалғасуда

«Астана Опера» театры балеттік труппасының Италиядағы гастрольдік сапары жалғасуда. Техникалық, эмоциялық жағынан өте күрделі «Спартак» спектаклін қойып, алғашқы күні-ақ көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Өнер ұжымы италиялықтарды бүгін тағы да тәнті етті. Екі бөлімнен тұратын «Гала» балеті арқылы көпшілік қазақтың ұлттық билерін тамашалап, ризашылықтарын білдірді.

Қайыңдай ырғалған 24 ару Кенжебек Күмісбековтің «Биші қайың» биімен бірінші бөлімнің шымылдығын түрді.

Үлкенді де, кішіні де талантымен табынтқан Досжан Табылды, Бақтияр Адамжан, Мәдина Баспаева, Әйгерім Бекетаеваның билеу мәнері шынында да ерекше. Қыз-жігіттердің екі метрге секіріп, техникалық тұрғыдан өте қиын билерді еркін орындады.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ 

 
 
 

Хабарламаларға жазылу