«Астана Опера» ұжымы елордалықтарға «Жеңіс әндері, көктем әуендері» атты концерт тарту етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» ұжымы елордалықтарға «Жеңіс әндері, көктем әуендері» атты концерт тарту етті

10.05.2017

Астана Опера ұжымы Ұлы жеңістің 72 жылдығына орай, елордалықтарға «Жеңіс әндері, көктем әуендері» атты концерт тарту етті. Театрдың жетекші опера солистері көрермендерге сұрапыл соғысқа дейінгі және шайқас уақытындағы өмірді көрсетті. Танымал маэстро Абзал Мұхитдинов дирижерлік еткен бағдарламада соғыс жылдарының әндері мен қазақ, орыс және батыс еуропа классикасының туындылары қойылды. Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Майра Мұхамедқызы мен Дина Хамзина Жеңіс күніне орай Астана Опера сахнасында бұрын-соңды шырқалмаған әндерді орындап, көрермен қошеметіне бөленді. 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу