«Аmanat» партиясы Президент бастамаларын қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аmanat» партиясы Президент бастамаларын қолдайды

01.09.2022

Мемлекет басшысы жолдауда халықты толғандыратын барлық өзекті мәселені қамтыды. Аманат партиясының активімен жиын өткізген Ерлан Қошанов осылай деді. Оның айтуынша, жолдау – бастау алған саяси өзгерістердің жалғасы. Алдағы сайлау науқандарының кестесі жарияланды. Айтылған бастаманың бәрі елдегі демократияны нығайтуға бағытталғанын көрсетеді деді партия төрағасы. Сонымен қатар, ол қазіргі сын-қатерлерге қарамастан, Президент мемлекеттік әлеуметтік саясатты күшейтіп жатқанын атап өтті. Жиын қорытындысы бойынша Ерлан Қошанов реформаларды іске асыру үшін барлық ресурстарды жұмылдыру жөнінде міндеттер қойды.

Ерлан Қошанов, «Amanat» партиясының төрағасы:

Аманат партиясы мемлекет басшысынеың жолдауын толық қолдайды. Және оны жүзеге асыруға ат салысамыз. Президент жанына топтасуға шақырамыз. Біздің мақсатымыз бір. Ол жаңа әділетті Қазақстан құру.

Саламат Омаш 

Хабарламаларға жазылу