Қазақстандықтар: Әйелдердің зейнет жасын өзгерту – уақытында көтерілген бастама - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар: Әйелдердің зейнет жасын өзгерту – уақытында көтерілген бастама

01.09.2022

Ана мен балаға қамқорлық, әйелдердің зейнет жасын өзгерту мен 18-ге толмаған балаларға шот ашу бастамасы уақытында көтерілген бастама. Көпбалалы аналар осындай пікірде.

БЛИЦ:

Әйел қауымының күтіп отырғаны – зейнеткерлік жас, 61 жастан деп өзгертіп отыр. Өте қуантарлық жағдай. Сонымен қатар Балаларды қорғау жылы болғандықтан, елімізде балалардың бәріне 2024 жылдан бастап шот ашылып, балаларға инвесторлар арқылы 18 жасқа дейін депозит ашылатын болады. Яғни 18 жасқа толған кезде әр қазақстандық бала өзінің оқуына, не үй алуына мүмкіндік береді


Бұл Жолдауда басты денсаулық сақтау саласы, білім беру саласы бойынша көп қозғалып жатыр. Ол дұрыс деп ойлаймын. Және де зейнетке шығу жасы да 2028 жылға дейін 61 жастан шығу өте дұрыс деп ойлаймын. Бұл да халықтың көтеріп жүрген бір сауалы еді.


Бүгінгі Жолдауды өзіміз ұжымымызбен қолдаймыз. Еліміздің тыныштығы, Қазақстанның өркендеуіне Жолдаудың әсер етеді деп ойлаймыз.

Хабарламаларға жазылу