Жолдаудағы бес бағдарда қандай мәселелер қамтылған? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдаудағы бес бағдарда қандай мәселелер қамтылған?

01.09.2022

Президент Жолдауы бес бағдардан тұрады. Әуелгісі жаңа экономикалық саясатты жаңғыртуға бағытталса, екіншісі нақты секторды дамытуды көздейді. Үшіншіден, ел болашағына арналған стратегиялық инвестицияға басымдық берілмек. Төртінші мемлекеттік басқару ісі қайта жаңғыртылады. Реформаның бесінші бөлімі заң және тәртіпті реттеуге бағытталды. Алдымен жаңа экономикалық саясат бағдарына тоқталсақ.

Біріншіден, бағаны әкімшілік жолмен реттеуден бас тарту көзделген. Бұл дегеніміз, монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» деген жаңа тариф саясатына көшу. Екіншіден, экономиканы одан әрі монополиясыздандыру үшін нақты институционалдық шешімдер қабылданады. Қазір жұмыс істеп тұрған операторларды бәсекелі ортаға беру қажет. Үшіншіден, келер жылы жаңа салық кодексі әзірленбек. Төртіншіден, ашық кедендік басқаруға басымдық беріледі. Бесіншіден, бюджет саясатының моделі реформаланып, жаңа бюджет кодексі әзірленеді. Одан соң кәсіпкерлік салаға жүйелі түрде қолдау көрсетілмек. Бағдардың жетінші жоспары мемлекет пен жеке меншік серіктестігінің жаңа үлгісіне көшуге бағытталған. Отандық бизнес үшін несие ресурстарының тапшылығын шешу көзделген. Өнім өндірудің негізгі факторы – жер. Соңғы бөлім кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі әділ бөлу мәселесіне реттеуге арналған. 

Хабарламаларға жазылу