18-ге толмаған қазақстандықтардың жеке шотына ақша аударылады - Тұрғындар пікірі
Президент Жолдауында елдің әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға арналған бірқатар игі бастама жарияланды. Әсіресе аналар мен балалар үшін қуанышты жаңалықтар бар. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысынан 18-ге толмаған қазақстандықтардың жеке шотына ақша аударылады деген хабарға ерекше толқығандар көп.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Қарағандылық аналар да елмен бірге қуанып жатыр. Нәрестелі аналарға берілетін жәрдемақы мерзімі ұзартылатыны әбден көңілден шыққан жоба болды дейді. Біз дәл қазір «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығында тұрмыз. Бүгін ұйым мүшелері жиналып Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын тыңдады. Ана мен бала денсаулығы, оқушылар мен студент жастардың білім алуына жағдай жасау, мектеп пен жатақхана жетіспеушілігін жою «әлеуметтік әмиян», ұлттық қордың жылдық инвестициясынан қолдау сынды бастамалар бір серпілтіп тастады. Әлеуметтік жағдайы жақсы елде міндетті түрде қоғамның басқа салалары бойынша да жетістіктері көп болады. Бүгінгі Жолдау соның жарқын бастамасы деп білеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23