Ұлттық арна Президент Жолдауын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна Президент Жолдауын тікелей эфирде көрсетеді

01.09.2022

Бүгін Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Маңызды саяси шара Парламент палаталарының бірлескен отырысында өтпек.

Досжан Маратұлы, тілші:

Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылдыққа екінші, ал Президент болғалы бесінші Жолдауы. Онда негізінен еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына ерекше екпін қойылады деп күтіліп отыр. Бірлескен отырыс 11:00-де Ұлттық арна эфирінде көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу