«Астана Тазалық» серіктестігінің жұмысшылары наразылыққа шықты
«Астана Тазалық» серіктестігінің жұмысшылары наразылыққа шықты. Елорданың тазалығына жауаптылар мардымсыз айлық пен жазғы уақытта жұмыссыз қалудан шаршаған. Бар-жоғы 139 мың теңгеге жан бағып жүргенде басшылық ақысыз демалысқа жіберіп, мүлде табыссыз қалдырады дейді жиналғандар.
Нұрмұхан Бөкішев, «Астана Тазалық» ЖШС жұмысшысы:
Жазда кәдімгідей жұмыс беріп, жұмыс істейік. Өйткені біздің жасымыз келіп қалды. Жастардың өзіне жұмыс табылмай жатқанда, жаздың күні біз үлкен кісілер барып қайдан жұмыс іздейміз? Міне, қазір жұмыссыз жүрміз. Мына машиналарға қарап қойыңызшы. Тізіліп тұр ғой. Осының ішінен екеуі ғана шығады күніне.
Қазір елорданың көп бөлігін күтіп-баптауға жеке компаниялар жауапты. Сондықтан бюджеттік мекеменің жұмысы қыс түскенде ғана қызады. Негізінен көшелерді қардан тазартуға маманданған. Алайда қызметкерлер қолда бар техниканы жыл бойы қолданғанын қалайды. Өйткені айлық жалақы атқарылған жұмысқа байланысты төленеді. Қала әкімінің орынбасары алдағы уақытта «Астана Тазалықтың» қарамағындағы аумақты кеңейтіп, жұмыс көлемін қайта қарауға уәде берді.
Нұрлан Нұркенов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары:
2,5 миллиард бөлінді бұл мекемеге. Бұл мекеме ақшаны аудан арқылы алады. Қазір жұмысты бастап кетеміз де, қазанда форманы қабылдап, ақшаны мекемеге бөлеміз. Сондықтан қарашадан бастап бізде жоспар бойынша жалақыны көтерейік деп едік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23