Украинадағы «Запорожье» АЭС электр қуатынсыз қалды
Украинадағы «Запорожье» атом электр станциясы тарихта алғаш рет электр желісінен толықтай ажыратылды. Ресей күштерінің бақылауындағы нысан бірнеше сағат бойы электр қуатынсыз қалған. Жағдай қалыпқа келгенге дейін кешенге электр қуаты резервтегі дизельдік генераторлар арқылы берілді. АЭС тұрақты түрде электр энергиясымен қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл энергоблоктарды салқындату үшін қажет. Украина президенті Владимир Зеленскийдің сөзінше, АЭС-те қауіпті ахуал Ресей күштері жақын маңдағы көмір электр станциясына оқ жаудырғаннан кейін туындаған. Ал Ресей тарапы бұған Украина жағын айыптады. БҰҰ апат қаупін ескертіп, Ресейді өңірден әскерін шығаруға үндеді.
Владимир Зеленский, Украина президенті:
Басқыншыларды «Запорожье» атом электр станциясынан шығару үшін халықаралық қысым қажет болып тұр. Әлем қауіптің қандай екенін білуге тиіс: электр қуаты үзілген кезде бірден дизельдік генераторлар іске қосылмағанда, радиациялық апат болатын еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысында өнертапқыштарды қолдай бастаған
05.10.2026, 17:25
Дүниежүзілік азық-түлік күні мерекесі тойланды
05.10.2026, 17:24
Астанада ШҚО жәрмеңкесі ұйымдастырылды
05.10.2026, 17:22
«Ауыл аманаты»: Кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетілді
05.10.2026, 17:20
Шымкенттің қоқысын тасуға тағы жаңа көліктер берілді
05.10.2026, 17:18
Ел жаңалықтарына шолу
05.10.2026, 17:15
Ақмола облысында 38 жаңа медициналық нысан салынған
05.10.2026, 17:13
Көлік, әуе, кеме бағыты цифрландырылуда
05.10.2026, 17:12