Он жасар Әмина Арыстанбек АҚШ-та өткен әлемдік додадан жүлделі оралды
10 жастағы Әмина Арыстанбек Лос-Анджелес қаласында ұйымдастырылған «World Championships of Perfoming Arts» сайысында күміс және қола медаль еншіледі. Ол вокал және аспаптық өнер сынды бірнеше аталым бойынша бақ сынаған.
Додаға әлемнің 100 елінен 6 мыңға жуық үміткер қатысқан. Айта кетейік, Әмина Арыстанбек - аталған жарыстың жартылай финалына шығып, жүлдегер атанған алғашқы қазақстандық өнерпаз.
Әмина Арыстанбек, әнші, халықаралық байқау жүлдегері:
Қазылар алқасының өзі қол шапалақтап, жиналғандар зор қошемет көрсетті. Сайыста «Көкке өрле» деп аталатын авторлық шығармам мен «Мен қазақ қызы» деген әнді шырқадым. Жиналғандарға қатты ұнаған сыңайлы. Болашақта бұдан биік белестерді бағындырамын деген үміттемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15
Саяси жүйе жаңарды
30.10.2026, 20:09