Мысырдың Гиза қаласында алапат өрт құрбандарының саны 41-ге жетті. Қаза тапқандардың ішінде 3-тен 16-жасқа дейінгі 18 бала бар. Тағы 45 адам жараланған. Айта кетсек, Имбада ауданындағы Копт христиандарының шіркеуіне 5 мың адам өсиет тыңдауға жиналғанда электр генераторы лап ете қалып жарылған. Сыртқа шығатын есікті от бөгеген. Мінәжат етушілер жанталаса сыртқа ұмтылғанда аяқ астында талай адам тапталып қалды. Ел президенті қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтып, армияға шіркеуді қалпына келтіруге бұйрық берді. Алпрокуратура өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына арнайы топты жіберген. Египеттің 103 миллиондай халқының кем дегенде 10 миллионын Копт христиандары құрайды. Олар кемсітушілікке ұшырап, қоғамдық өміріне "араластырмайды" деп Мысыр билігіне жиі шағымданады.
Арыстан Рысбек