Қонаев қаласында республикалық алыптар сайысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қонаев қаласында республикалық алыптар сайысы өтті

11.08.2022

Алматы облысында алғаш рет республикалық деңгейде алыптар сайысы өтті. Қонаев қаласында ұйымдастырылған турнирге еліміздің 5 облысынан 30-ға жуық палуан қатысты. «Толағай» алыптар жарысында кіл мықтылар салмағы 10 килограмм болатын найзаны лақтыру, жуандығы 15 миллиметрлік шойын темірді мойынға салып майыстырудан күш сынасты. Сондай-ақ салмағы 141 келі болатын ауыр тасты көтеріп алып жүруден, сондай-ақ 500 келі жүк тиелген арбаны сүйреуден сынға түсті. Басты шарт, жаттығуды екі минутта орындау қажет.Үміткерлердің арасында әуесқойлар ғана емес, әлемдік ареналарда ел намысын қорғап жүрген кәсіпқой спортшылар да бар. Бұ сайысты болашақта халықаралық деңгейде өткізуді жоспарланған. Басты мақсат - салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, қазақ батырларын танымал ету.

Тимур Дәулетбақұлы, Жоба авторы:

Қажымұқан атамызды білесіздер осылардың барлығын жасаған. 52 мемлекетте 48 алтын медаль алған біздің бабамыздың еңбегі қазіргі таңда жастарға насихат. Үйде телефонды шұқылап отырған жастар осыларды көру керек. Әлемдегі «Строгмен» деген жарыстар бар. Америкада «Арнольд» деген жарыстарда қазақтың жігіттері көк туды желбіретіп шықса екен деген арманымыз бар.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу