Қытайда 35 адамнан «лангья» вирусы анықталды
Қытайда жаңа вирус таралып жатыр. «Лангья» деп аталатын инфекция Шаньдун және Хэнань провинцияларында 35 адамнан анықталған. Олардың көбінде шаршау мен жөтел белгілері байқалды. Науқастар бұл ауруды жануарлардан жұқтырды деген болжам бар. Әзірге толық зерттелмеген індеттің адамнан адамға тарайтынына ешқандай дәлел жоқ. Ал, карантинге жабылған Хайнань аралынан туристер шығарыла бастады. Айта кетсек, тамыздың басынан бері мұнда екі мыңға жуық адамнан коронавирус табылды. Сондықтан, провинцияда миллиондаған адам тек ковидке қатысты тест тапсыру үшін сыртқа шыға алады. Сондай ақ, дүкеннен азық-түлік сатып алуға және ең маңызды саналатын жұмысқа ғана баруға рұқсат етіліп отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01