Алып китті құтқаруға 80 адам жұмылдырылды
Францияның Сена өзеніне теңізден ауып барған белуга китін құтқаруға 80 адам жұмылдырылып жатыр. Оның ұзындығы төрт мерт, салмағы 800 келі тартады. Алып жануарды өзеннен көтеріп, баржаға тиеу үшін алты сағат уақыт кеткен. Оны тоңазытқышы бар жүк машинасы енді жағалауға жеткізуі керек. Ал ашық теңізге жібермес бұрын ветеринарлар китті бірнеше күн бойы емдемек. Белуга өзінің тіршілік ету ортасынан неліктен осынша ұзап, оңтүстікке жеткені әзірге белгісіз. Зерттеушілердің айтуынша әдетте Арктикада кездесетін мұндай киттер күзде ғана азық іздеп түскейге кетеді екен.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01