Америка Құрама Штаттары Финляндия мен Швецияның НАТО-ға өтуіне қарсы емес. Бірнеше сағат бұрын АҚШ Сенаты екі скандинавиялық елдің Солтүстікатлантикалық альянсқа кіруін қолдап дауыс берді. Бұл құжатты ратификациялауды 95 сенатор мақұлдаса, біреуі ғана оған қарсы дауыс берген.
НАТО-ның 30 елі Финляндия мен Швецияны өз қатарларына қосу туралы протоколға өткен айда қол қойды. Олар мұндай шешімді Ресей армиясы Украинаға басып кіргеннен кейін қабылдап отыр.
Болжамдарға қарағанда НАТО-ның өзге мүшелерінің парламенттері Финляндия мен Швецияны батыстық одаққа алу туралы құжатты мақұлдауы үшін бір жылдай уақыт кетуі мүмкін. Содан кейін екі солтүстікеуропалық мемлекет НАТО-ның Бесінші бабы бойынша әскери тұрғыдан қорғауға алынады .
Арыстан Рысбек