Абай облысында білім ошағы жаңа оқу жылына дайын емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында білім ошағы жаңа оқу жылына дайын емес

03.08.2022

Ержан Жақып, тілші:

Мектептің спорт залды екі жылдан бері қолданыссыз тұр. Өйткені төбесінен су сорғалап, қабырғалары шіріп кеткен. Сондықтан, арнайы комисся тексеру жүргізіп, қабырғасы кез-келген уақытта құлап кетуі мүмкін болғандықтан жауып тастаған.

Мектептің қабырғалары мен едіні жауын суынан әбден үгіліп тұрғандығын жергілікті шенеуніктер де талай рет көзбен көрген. Тек бас шұлғып, «жөндейміз»- деген уәдеден әрі аспайды - дейді ата-аналары.

Майра Солтанбаева, ата-ана:

Төмен жағдайда. Әрбір класта құлап жатыр. Өздеріңіздер көрдіңіздер. Толық ремонт керек. Мысалы баллдарымыз мында оқи алмайды. Көк сасып тұр. Талай жыл болды. Су ағып тұр. Қалай жаңбыр жауады, су деген көлкіп.

Ағымдағы жөндеуге бөлінетін қаржы жыл сайын тек төменгі қабаттығы бөлмелерді әктеп, сырдаудан аспайды. Жоғарғы қабатта қабарғалардан бөлек, едендері шіріп, терезе жақтауларын дейін қопсып қалған.

Берікхан Құрманғожин, мектеп директорының міндетін атқарушы:

Ол кабинеттердегі мысалы бастауыш сыныптар, тағы да басқа пән кәбинеттері су кіргендіктен көгеріп, оқуға жарамсыз болып тұр. Былтырғы оқу жылында ол кабинеттерді жауып, онда оқитын балаларды басқа кабинеттерге оқытқанбыз. Биылғы оқу жылында да солай шешейік деп отырмыз.

Салынғанына 30 жылдан астам уақыт өткен мектептің төбесі қазір осындай күйде. Оны шатырласа, жағдай баяғыда-ақ реттелер еді дейді ұстаздар. Аудандық білім бөлімінің басшысы болса жөндеуге қажеті жобалық сметалық құжатты дайындап жатқандығын жеткізді.

Самал Дәуітбаева Ақсуат аудандық білім бөлімінің бастығы:

Құжат нақты аяқталғаннан кейін, бюджетке өтінім беріледі. Егер қаражат бөлінген жағдайда 23 ші жылы мектептің ғимаратын күрделі жөндеу жасалынады.

Енді екпіндіктер жаңадан құрылған Абай облысының басшыларына сеніп отыр. Жылдар бойы Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігі назар аудармай келген мәселеге жылдамдатып қаржы бөлініп, ғимаратты тездетіп қалыпқа келтірмесе, құлап қала ма деп қорқады.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу