Абай облысының Абай ауданында ерте қола дәуіріндегі ескерткіштер табылды
Абай облысының Абай ауданында ерте қола дәуіріндегі ескерткіштер табылды. Арехологтар мамыр айынан бері жүргізген зерттеулер нәтижесінде осындай жаңалық ашқан. Шамамен үш жарым мың жыл бұрынғы қоныстар мен қорымдар орналасқан орын тура «Семей- Қарауыл» тас жолының іргесінен анықталған. Қазір онда қазба жұмыстары жалғасып жатыр. Ғалымдар қола дәуірі мәдениетіне тиесілі бірегей жәдігерлер өте көптігін айтады. Бұрын-соңды кездеспеген тұрмыстық заттар мен петроглифтер табылған. Тура Абайдың Жидебай музейіне баратын күре жолдың бойынан анықталғандықтан, бұл жерді болашақта туристер тамашалайтын аспан асты мұражайына айналдыруға болады- деді ғалымдар.
Ұлан Үмітқалиев, археолог:
Бұл ескерткіштердің бір ғажабы бұл жерде ерте қола дәуірінің жерлеу ескерткіштері, жерлеу ескерткіштері. Қоныстары, тастағы петроглифтердің барлығын тауып тізімге алып, төлқұжаттарын жасаудамыз. Бұл жерде жалпы біздің санауымызша, 200 ге тарта қола дәуірінің ескерткіштері орналасқан.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ауыл» партиясы сайлауалды бағдарламасын, Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізімін және Саяси кеңестің жаңа құрамын бекітті
06.07.2026, 14:22
Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті
05.07.2026, 20:03
ӘЧ-2026: Футбол матчтарына 5 млн-нан астам адам келген
05.07.2026, 19:48
Астанадағы Ұлттық музейде Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ тақтасы бар
05.07.2026, 19:44
Жол апаты неге азаймай тұр?
05.07.2026, 19:42
Алғаш рет әкімшілік істер бойынша жауапқа тартылған азаматтарға рақымшылық жасалады
05.07.2026, 19:40
Құрылтай сайлауына партиялар кандидаттар тізімін бекіте бастады
05.07.2026, 19:32
Қос палаталы Парламент: 3,5 мыңға жуық заң қабылданды
05.07.2026, 19:31