Маңғыстауда жұмыссыз жастарға арналған «Zhas project» жобасына өтінім қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда жұмыссыз жастарға арналған «Zhas project» жобасына өтінім қабылдау басталды

27.07.2022

Маңғыстау облысында жұмыссыз жастарға арналған «Zhas project» жобасына өтінім қабылдау басталды. Оның аясында 63 жеңімпазға 1 млн теңгеге дейін грант беріледі. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдаған жоба 18-28 жас аралығындағы жастарға арналған. Оған бизнес идеясы бар жұмыссыз жастар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, «Алтын» және «Күміс» алқа иелері, жетім балалар мен көпбалалы отбасылар қатыса алады. Сондай-ақ бұл тізімге жатпайтын, бірақ әлеуметтік жобасы бар жастар да үміткер бола алады. Өтінім онлайн түрде, zhasproject-mangystau.kz сайты арқылы 10 тамызға дейін қабылдануда. Үздік жобаларды арнайы комиссия анықтайтын болады. «Zhas project» жобасы бұдан 2 жыл бұрын да жүзеге асты. Ол кезде 300 ге жуық адам грант ұтқан.

Наурызбек Мағдатов, «Zhas project» жобасының Маңғыстау облысы бойынша жетекшісі:

«Zhas project» – жақсы, тәжірибелі, өз нәтижесін көрсеткен жоба. Сондықтан облыс жастары осы мүмкіндікті пайдаланып, грант иегері атанып, өзінің кәсібін немесе әлеуметтік идеясындағы жобасын жүзеге асыруға үлес қоса алады деп есептеймін. Сондықтан облыс жастарын осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамын!


Хабарламаларға жазылу